АШЫҚ РЕСУРСТАР

Толық қолжетімді

Scopus – рецензияланған әдебиеттердің – ғылыми журналдардың, кітаптардың және конференция материалдарының рефераттары мен дәйексөздерінің дерекқоры. Scopus 25 000 белсенді басылым мен 7 000 баспаның контентін индекстейді. Дерекқорға ҚазҰӨУ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық жазылымы бойынша қол жеткізе алады.

Science Direct – рецензияланған ғылыми әдебиеттердің жетекші платформасы. Elsevier Science Direct 100-ден астам елдегі 1750 белсенді журналдардың 18 миллионнан астам мақалаларының толық мәтінін қамтиды. ҚазҰӨУ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық жазылымына енгізілген ғылыми журналдарға қол жеткізе алады.

Springer – зерттеушілерге журналдардан, кітаптардан, хаттамалардан, сериялардан, анықтамалықтардан және еңбектерден миллиондаған ғылыми құжаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін әлемдегі жетекші баспа үйі. Springer 2900-ден астам журнал және 300 000 кітап шығарады. Open Access контенті қолжетімді.

Web of Science – пәнаралық және аймақтық көрсеткіштер индекстеріне, арнайы деректерге және патенттік көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін рефераттық-библиографиялық қор. Платформа 159 миллионнан астам жазбалардың 1,7 миллиардтан астам сілтемелерін пайдалана отырып, 34 000-нан астам журналдарды іздеуге, барлық пәндер мен уақыт кезеңдері бойынша идеяларды қадағалауға мүмкіндік береді. Дерекқорға ҚазҰӨУ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұлттық жазылымы бойынша қол жеткізе алады.