АҚПАРАТТЫҚ-КІТАПХАНА ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ  (бұдан әрі – Университет)  Ақпараттық-кітапхана қызметін (бұдан әрі – Кітапхана) пайдалану ережелері (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылдың 17 тамызындағы № 827 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы жоғары кәсіби білім беру мекемелері кітапханасының типтік ережесіне», Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 бұйрығы.

  • Пайдаланудың ережелері оқырмандарға қызмет көрсетудің ұйымдастыру ретін, олардың кітап қорларына қол жеткізуін, оқырмандар мен Кітапхананың құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
  • Кітапхананың жұмыс жасау тәртібі Университет ректорының бекіткен кестесіне сәйкес анықталған.
  • Ережеге енгізілген өзгертулер мен толықтырулар Университет ректорының бұйрығымен бекітіледі.
  1. Негізгі міндеттері

2.1.  Кітапхана әлемдік заманауи талаптарға сай келетін, еліміздің мәдениет, білім және зерттеу орталығы ретінде Университеттің үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасуына үлес қосу, оқытушылар, студенттердің және оқушылардың отандық және әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету, сапалы кітапханалық қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру, оқу процессіне көмек көрсету;

2.2. Университеттің профилі бойынша қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік, ғылыми басылымдарды жинақтау, сақтау, оқырмандарға рухани байлық болар әдебиеттерді насихаттау;

2.3. Университет қарамағындағы кітапхана қоры, мүлкі сол арқылы мемлекеттік қорғауға алынған Қазақстан Республикасының меншігі болып табылады;

2.4. Кітапхана УДК/ББК жүйесі бойынша диссертацияларға, авторефераттарға, оқулықтарға, оқу-әдістемелік құралдарға, мақалаларға, индекс беру қызметін жүргізеді;

2.5.  Кітапхана санитарлық күнді (айдың соңғы жұма күні) қоспағанда, университет регламентіне сәйкес оқырмандарға қызмет көрсетеді.

2.6. Университет профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, докторанттар, университет және колледж студенттері, мектеп мұғалімдері, оқушылары, қызметкерлер кітапхана оқырманы болып тіркеледі.

  1. Оқырмандардың құқықтары

3.1.  Кітапхана ұсынған ақпараттық-кітапхана қызметтерін тегін пайдалануға;

3.2. Кітапхана қорлары туралы толық ақпарат алуға;

3.3.  Ақпарат көздерін іздеу және таңдауда кеңес алуға;

3.4. Анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет түрлерін пайдалануға, дәстүрлі және электронды іздеу аппараттарын қолдануға;

3.5. Кітапхана қорына түскен жаңа басылымдар көрмесімен танысуға;

3.6. Егер басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса, басылымдарды пайдалану мерзімдерін ұзартуға;

3.7. Оқу залының компьютерін пайдалану, компьютермен жұмыс істеу және қажетті ақпараттарды іздеу барысында кітапхана қызметкерлерінен кеңес алу, компьютердегі бағдарламаларды пайдалануға құқылы.

  1. Оқырмандар міндетті

Кітапхана оқырмандары:

4.1.  Кітапхананың пайдалану ережесін сақтауға;

4.2. Кітапхана қорынан алынған кітаптарды, баспа шығармаларын, электронды басылымдар мен басқа да материалдарды ұқыпты ұстауға;

4.3.  Кітапханада тазалық пен тыныштықты сақтауға;

4.4. Кітапханадағы жиһаздар мен техникалық құрал жабдықтарға ұқыптылықпен қарауға, аудиовизуальдық материалдар мен ақпараттық дәстүрлі және электронды тасымалдағыш құралдарды игеруге, техникалық талаптарды сақтауға;

4.5. Кітап, басқа да материалдарды алғанда басылымды мұқият қарап шығуға және қандай да бір ақауларды байқаған сәтте кітапханашыға хабарлауға;

4.6. Кітапты, баспа шығармаларын белгіленген мерзімде қайтаруға;

4.7. Басылымдарды, басқа материалдарды жоғалтқан немесе бүлдіргені үшін жауапты оқырмандар, оларды дәл сондай басылыммен немесе кітапхананың құны бірдей деп табылған соңғы үш жылда шыққан және көлеміне сәйкес, нарықтық бағасын ескере отырып өтеуге;

4.8. Кітапхана қорындағы кітаптар, басқа да баспа басылымдарын, материалдарды жоғалтқан немесе бүлдіріп алмастырылмайтын залал келтіргені үшін кәмелеттік жасқа толмаған оқырмандар үшін олардың ата-аналары немесе орнындағы тұлға жауап береді.

4.9. Борышкерлер Университет кітапханасының қызметінен (1 айдан 2-3 айға дейін) пайдалану құқығынан айырылуы мүмкін;

4.10. Жыл сайын, 1 шілдеге дейін қолдағы әдебиеттерді тапсыруға;

4.11. Университеттен шығып кеткен жағдайда және жыл сайынғы еңбек демалысына шығар алдында кітапханаға басылымдарды қайтару, абонементтерден (абонемент, көркем әдебиет абонементі, ноталы басылымдар абонементі, колледж және мектеп кітапханасы) кету парағынан өтуге;

4.12. Жыл сайын оқырман абонементтерден қайта тіркелуден өтуге қайта тіркеуден өтпеген оқырманға қызмет көрсетілмейді;

4.13. Ережелерді бұзған және залал тигізген оқырмандар ҚР заңдылықтарына қарасты және Кітапхана пайдалану ережелеріне сәйкес жауапкершілікке тартылады;

4.14. Оқу залдарында компьютерлерді қолдану кезінде техникалар мен бағдарламаларда болған қателіктер туралы кітапхана қызметкерлеріне уақытында хабарлауға;

4.15. Оқырманға рұқсат етілмейді:

  • кітап қорындағы басылымдарды кітапханашының рұқсатынсыз оқу залынан, анықтама-ақпараттық бөлімнен шығармауға;
  • басылымдарға (кітаптар, ноталар, газет-журналдар) ешқандай белгілер, сызулар түсірмеу, кітап беттерін бүктемеу сонымен бірге каталогтан кәртішкелерді шығармауға, кітап және ноталардың бүлінуіне әкеліп соғатын әрекеттерге;
  • сырт киіммен кіруге және байланыс құралдарын қолдануға;
  • оқырман билетін басқа оқырманнан беріп жіберуіне және басқа оқырманның билетін пайдалануына;
  • өз бетінше компьютерлердің параметрлерін ауыстыруға, жаңа бағдарламалар енгізуге, қандай да бір компьютерлік техниканы қосу немесе ажыратуға, ҚР заңдылықтарына қайшы келетін коммерциялық мақсаттарда интернет торабынан аудио және бейнежазбаларды оқу орынының оқу бағдарламасына сәйкес келмейтін ақпараттарды алуға, ақпараттарды электронды байланыстар каналдары бойынша жіберуге.
  1. Кiтапхананың құқықығы

5.1. Оқырмандарға берілген құжаттардың (кітаптарды, оқулықтарды, басқада электронды басылымдар, оқырмандар билетін т.б.) – кiтапханаға қайтарылуын тұрақты бақылауға;

5.2. Қызмет көрсету мен құжаттарды беруді тек: оқырмандардың оқу жылының басында  қайта тiркеуден өтіп, өзіне тіркелген барлық әдебиеттерді көрсеткеннен кейін жүзеге асыру; оқырманнан бұрын берілген, пайдалану мерзімі біткен құжаттарды алуға;

5.3. Оқырманның кітапханаға келтірген залалы үшін өтемақының мөлшерін белгілеуге;

5.4. Кітапхананы пайдалану Ережесін сақтамағаны үшін оқырманды белгілі бір мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айыруға құқылы.

  1. Кітапхананың міндеттері

6.1. Кітапхана оқырмандарға абонементтерде және оқу залдарында қызмет көрсетеді, олардың құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге;

6.2. Кітапхана оқырмандарға Кітапхана туралы Ережеге және осы пайдалану Ережелеріне сәйкес қызмет көрсетуге;

6.3. Кітапхана оқырмандарына олардың сұраныстары мен қажеттіктерін ескере отырып сапалы және оперативті түрде қызмет көрсетуге;

6.4. Оқырмандардың кітапхана қорларына еркін қолжетімділігін және оларды уақытша пайдалануға тегiн беруді қамтамасыз етуге;

6.5. Пайдаланушыларды кітапхана көрсететін қызметтердің барлық түрлері туралы құлағдар етуге;

6.6. Дәстүрлі каталогтар, картотекалар, электронды деректер базалары (электронды каталог) жүйесі, сондай-ақ библиографиялық құлақтандырудың басқа да нысандары («Кітапханаға жаңа түсімдердің тізімі», Ақпарат күндері, Маман күндері және т.б.) арқылы кітапхана қорының құрамы туралы толық ақпарат беруге;

6.7. Ақпарат көздерін таңдау мен іздестіруде кеңесшілік жұмыс жүргізуге, көмек көрсетуге;

6.8. Оқырмандарды кітапхана-библиография және ақпарат  мәдениеті негіздерімен таныстыруға;

6.9. Кітапхана қорларын сақтау мен ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, құжаттарды орналастыру мен сақтау, материалдық-техникалық құрал-жабдықтардың сақталуы үшін тиісті санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызуға;

6.10. Университеттің, колледждің, мектептің ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес кітапхананың жұмыс режимін қамтамасыз етуге;

6.11. Оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін, өзіндік жетілуге, білімге, кітап оқуға қызығушылығын тудыруға;

6.12. Бекітілген тәртіпке Кітапхана қызметі туралы Ережеге сәйкес өз қызметі туралы ректорат алдында есеп беруге міндетті.

  1. Оқырмандардың жазылу тәртібі

7.1. Кітапханада оқырман тіркеу электронды және дәстүрлі (оқырман формуляры) түрде жүргізіледі.

Оқырмандардың тіркелуі үшін:

– Студенттер – студенттік билеті, 3х4  көлемді 3 дана фотосурет;

– Профессор-оқытушылық құрамы қосымша қызмет атқаратын оқытушылар және магистранттар, педагогтар, мектеп қызметкерлері жеке куәлігі мен кадрлар бөлімінен берілген анықтама және 3х4  көлемді 3 дана фотосурет;

– ата-аналар – жеке куәлігі бойынша 3х4 фотосурет;

Кітапханаға жазылар кезде оқырмандар кітапхананы пайдалану қағидаларымен танысып, оларды орындайтыны туралы міндеттемені оқырман формулярына қол қоюмен растауы тиіс;

7.2. Оқырмандарға оқырман билетімен ғана қызмет көрсетіледі;

7.3. Оқырман кітапты алатын кезде әр кітаптың формуляры мен оқырман талабы парағына қол қояды. Кітап формулярлары оқырманға кітап және берген күнін, нақты берілгендігін дәлелдейтін құжат болып табылады.

7.4. Оқырмандар жыл сайын қыркүйек айында қайта тіркеуден өтеді.

  1. Абонементті пайдалану ережелері

8.1. Басылымды үйге беру абонементте жүргізіледі;

8.2. Оқырмандарға Абонемент қорындағы құжаттарды пайдалану мерзімі мен олардың саны шектелген және саралы түрде  белгіленеді:

– оқу әдебиеті тиісті пәнді оқу мерзіміне (бір семестрге) (оқу жылының басында міндетті түрде қайта тіркелгеннен кейін) беріледі;

– әдістеме әдебиеті бір ай мерзімге беріледі, ал даналар саны жеткілікті болған жағдайда тиісті пәнді оқыту мерзіміне (оқу жылының басында міндетті түрде қайта тіркелгеннен кейін) беріледі;

– ғылыми және көркем әдебиеттерді бесеуден артық емес басылымды үйіне алу құқығы бар және ол 15 күнге беріледі;

– сабақтарды қамтамасыз етуге «класқа» берілетін басылымдар сол күні немесе келесі күннің 10.00 сағатына дейін қайтарылады. Тәртіпті сақтамаған жағдайда оқырман Кітапхана қызметін пайдалану құқығынан 2 апта мерзімге айрылады;

8.3 Басылымдарды пайдалану мерзімі басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаған жағдайда ұзартылуы немесе басылым бір данада немесе сұранысқа ие болған жағдайда қысқартылуы мүмкін;

8.4. Құжаттарды пайдалану мерзімі бітуіне қарай кітапханашы оқырманға құжаттарды он күн  мерзімінде қайтару қажеттігі туралы ескертеді. Егер құжаттар осы мерзімде кітапханаға қайтарылмаса кітапханашы кафедраға, сынып жетекшісіне немесе оқушының ата-анасына (немесе олардың орнындағы адамдарға) оларды қайтару туралы жазбаша талап хат жібереді;

8.5. Оқушыларға оқулықтар мен оқу құралдарын беру тәртібі:

– Мектеп оқушылары оқулықтармен қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етіледі;

– Оқу жылының басында сыныпқа оқулықтар беру 1-4 сыныптар мұғалімдері, 5-11 сыныптардың сынып жетекшілері немесе тиісті пән мұғалімдері арқылы беріледі;

– Мұғалімге сыныпқа оқулықтардың берілу фактісі кітапханада жүргізілетін берілген оқулықтардың есеп журналында тіркеледі;

– Орта және жоғары сынып оқушылары әрбір алынған оқулық үшін кітап формулярына қол қойып, кітапханашыға табыстайды. Берілген оқулықтардың жазбасы бар кітап формулярлары оқушылардың оқырман формулярында сақталады. Оқушылар (борышкерлер, тіркелмегендер) оқулықтарды айрықша жағдайда ғана кітапханашыдан алады;

– Оқу жылының соңында оқушылар барлық оқулықтарды мұғалімге қайтарады. Жазғы кезеңге қажетті оқу құралдарын беру кітап формулярында  оқушылардың жеке қолымен тіркеледі;

– Мектептен кететін оқушылар оқулықтарды кітапханашыға жеке табыстайды. Оқушылар мектептен кетер алдында кітапханамен толық есептесуге міндетті;

– Сабақ үстінде жұмыс істеуге арналған Оқу-әдістемелік кешені (ОӘК) кабинеттерге бүкіл оқу жылы бойына кабинет меңгерушісінің  жеке жауапкершілігіне беріледі.

  1. Оқу залдарын пайдалану ережелері

9.1. Оқу залында пайдалануға арналған құжаттар үйге берілмейді;

9.2. Бақылау және аз даналар, сирек және құнды басылымдар, салалық құрамы әмбебап (энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер), мерзімді басылымдар (газет-журналдар) және электронды тасымалдағыш құралдар (CD-ROM, мультимедиа) басқа басылымдар пайдалануға тек оқу залында беріледі;

9.3. Оқырманның оқу залында жұмыс істейтін құжаттарының саны шектелмейді;

9.4. Оқырман оқу залынан шығар алдында барлық басылымдарды өткізуі тиіс;

9.5. Оқу залында жеке және топпен жұмыс жасауға рұқсат беріледі.

Келісілген:

Ғылыми жұмыс жөніндегі проректор ______________

Оқу және оқу-әдістемелік
жұмыс жөніндегі проректор ______________

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор ______________

Ақпараттық-кітапхана
қызметі басшысы _____________

Академиялық мәселелер жөніндегі
қызмет басшысы ______________

Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің
Кеңесші заңгері ______________