КІТАПХАНА ҚҰРЫЛЫМЫ

ТОЛЫМДАУ, ҒЫЛЫМИ ӨҢДЕУ, КАТАЛОГТАУ БӨЛІМІ

Толымдау, ғылыми өңдеу, каталогтау бөлімінде кітап өз оқырманына жол бастайды. Бөлім кітапхана қорының толық және шұғыл түрде, ғылыми негізделген құжаттармен қамтамасыз етеді. Кітапхананың кітап қорының толықтырылуы университет бейініне, ғылыми зерттеу институттарының қажеттіліктеріне, оқу жоспарларына сай университет факультеттері мен кафедраларының сұранысына сәйкес жүргізіледі.

Бөлім «Комплектатор», «Каталогизатор» бір-бірімен байланысты автоматтандырылған жұмыс орындарын ұсынатын ИРБИС автоматтандырылған кітапхана ақпараттық жүйесінің негізінде басылымдар мен басқа құжаттардың толымдау, жүйелеу және каталогтау үдерістерін жүзеге асырады, сондай-ақ дәстүрлі басты және топографиялық каталогтар жұмысын жүргізеді. Кітапхана қорын мемлекеттік, орыс және шет тілдеріндегі дәстүрлі және электронды тасмалдағыш құжаттарды үнемі және тез алуды жүзеге асырады.

  • Университеттің кафедралары мен кітапхана бөлімшелерінің өтінімдері негізінде кітап дүкендерінің және баспаханалардың баға-тізімдері (прайс) бойынша жариялауға алдын-ала өтінімдер дайындайды;
  • Барлық кіретін және шығатын құжаттарды есепке алады.
  • Университет профессор-оқытушылар құрамынан (ПОҚ) сыйға оқулық және ғылыми басылымдарды сыйға қабылдайды;
  • Университет профессор-оқытушылар құрамы, магистрант, докторант студенттерінің ғылыми жарияланымдарына (оқу-әдістемелік құралдар, монография, ғылыми мақалалар, диссертациялар) УДК және ГРНТИ индекстерін береді.

 АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІ

Ақпараттық-кітапхана қызметінің құрылымдық бөлімшелерінің бірі болып табылады. Бөлім Университеттің оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық қамтамасыз етеді.

Міндеттері:

  • Пайдаланушылардың барлық санаттары үшін дәстүрлі және электронды ақпарат құралдарындағы ақпарат көздері бойынша олардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес сапалы және тиімді кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету;
  • университеттің оқу бейімі бойынша бөлімнің кітап қорын қалыптастыруға және оқырмандардың ақпараттық қажеттіліктерін зерттеуге көмек көрсету;
  • пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін тәрбиелеу;
  • кітапхана кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету.

АНЫҚТАМАЛЫҚ-БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ БӨЛІМІ

Анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет бөлімі пайдаланушыларға университеттің ғылыми, білім беру, мәдени-ағартушылық жұмысының бағыттарына сәйкес анықтамалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетеді.

Мақсаттары мен міндеттері:

  • оқырмандардың ақпараттық сұраныстарын орындау (қанағаттандыру);·       «Мақала» мәлімет базасын құру және қолдау;
  • ақпараттық-іздеу жүйесінің анықтамалық-библиографиялық аппаратын пайдалану бойынша кеңес беру;
  • пайдаланушылардың ақпараттық-библиографиялық сауаттылығын арттыру үшін топтық сессиялар мен кеңестер өткізу;
  • студенттер мен мамандардың ғылыми және оқу жұмыстарына көмектесетін ғылыми және көмекші әдебиеттер көрсеткіштерін құрастыру;
  • био-библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру.             

Ақпараттық-библиографиялық жұмыс бөлімі бөлімнің бірегей қорын, жарияланбаған библиографиялық тізімдерін, картотекаларын және т.с.с. қолдана отырып, бірқатар қызмет түрлерін ұсынады.              Дәстүрлі ақпарат көздерімен қатар оқырмандардың сұраныстарын орындау үшін: ·       «Ирбис» электронды каталогы;·       белгілі бір тақырыптық бағыттарға арналған жергілікті мәліметтер базасы (ДҚ);·       отандық және шетелдік библиографиялық және деректер базасы;·       Интернет желісінің ресурстары  қолданылады. 

Оқырман библиограф маманынан:

  • тақырып бойынша әдебиеттерді таңдау үшін қажетті библиографиялық және ақпарат көздері туралы ақпаратты;
  • көрсеткіштерден, каталогтардан, картотекалардан әдебиеттерді іздеу әдісі және ғылыми жұмыстарға арналған әдебиеттер тізімдерін құру мен форматтау ережелері туралы библиографиялық кеңестер;
  • кітаптың немесе мақаланың библиографиялық мәліметтерін нақтылауға көмек және т.б. алады.

КІТАПХАНА ҮРДІСТЕРІН АВТОМАТТАНДЫРУ БӨЛІМІ

Кітапхана үрдістерін автоматтандырудың заманауи технологияларын енгізу, қолдау және дамыту бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Университеттің білім беру және ғылыми-зерттеу қызметін ақпараттық қолдау үшін электрондық ресурстар топтамасын қалыптастырады.

Бағыттары:

  • Электронды кітапхана құру;
  • пайдаланушыларға АЖО (автоматтандырылған жұмыс орны) және сымсыз желілер арқылы интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету;
  • «Электрондық кітапхананы», жазылған (подписным) электрондық ресурстарды, өз генерациясының дерекқорын пайдалану бойынша консультациялық-анықтамалық қызметтер (on -, offline) көрсету;
  • Кітапхананың веб-сайтын жүргізу.

Университеттің білім беру бағдарламасына сәйкес келетін кітап қорын және заманауи электрондық ресурстарды ұсынады, факультеттермен және кафедралармен өзара әрекеттесудің үздіксіз процессін жүргізеді, пайдаланушылардың қажеттілігін зерттейді, ақпараттық қызмет көрсетеді, үнемі жаңа түскен кітаптар көрмесін ұсынады, сонымен қатар басқа кітапханалармен ынтымақтастық жүргізеді. Кітапхананың барлық қызметі оқырманның өзін жайлы сезінуіне, қажетті ақпаратты алуына, әр келушіге дұрыс көңіл бөлінуіне бағытталған. Кітапхана білім беру сапасын жақсартуға және ғылымды дамытуға, зияткерлік әлеуетті қалпына келтіруге ықпал етеді.