ОНЛАЙН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

«Кітапханашыға сұрақ» виртуалды анықтамалық қызметі

Қашықтықтан қызмет көрсету:

  • кітапхана қорларында нақты құжаттың болуы туралы сұраныстар;
  • құжаттың Е-көшірмесіне өтініш беру;
  • тақырып бойынша сұраныстар (белгілі бір тақырып бойынша құжаттар тізбесі бар анықтамалар);
  • фактографиялық сұраныстар (нақты оқиға, ұйым, атақты адам туралы мәліметтер, анықтамалықтар, энциклопедиялар және т.б. бойынша терминнің анықтамасы). Осы сұранысқа пайдаланушы ақпарат көзі көрсетілген анықтаманы алады;
  • нақтылайтын сұраныстар.

Сұраныстар күн сайын қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және олар сұраныстың түсу реті бойынша орындалады. Сұраныстарды орындау мерзімі-1-ден 3 күнге дейін.

БАЙЛАНЫС:  

Телефон: 8 701 3010141 (whatsapp)

Email: libkaznui@mail.ru