СЫЙҒА ТАРТУШЫЛАР

Ақпараттық-кітапхана қызметінің қорын толықтырудың көздерінің бірі – сыйға берілген кітаптар болып табылапды. Жеке авторлардың, баспа мен әртүрлі ұйымдардың сыйға тартқан басылымдары кітап қорының ақпараттық әлеуетін байытады. Ғылымның өнер және гуматитарлық салалары бойынша сыйға берілген оқулықтар мен оқу құралдары, ғылыми басылымдар мен конференция материалдары оқырмандардың пайдалануына кеңінен мүмкіндіктер жасайды. Университет ғалымдарының сыйға тартқан басылымдары кітапхана сайтының басты бетіндегі «Сыйға тартушылар тізіміне» қойылады.

Біз әр сыйға тартушыға алғыс білдіре отырып, сыйға тарту ережесіне сәйкес кітапхана сирек кездесетін кітаптар, соңғы бес жылда жарыққа шыққан оқулықтар, оқу-әдістемелік басылымдар, ғылыми басылымдар мен конференция материалдары, отандық және шетелдік көркем әдеби басылымдар қабылданатынын еске саламыз.

Кітапхана ұлттық және дни ағымдағы, нәсілдік төзімсіздікті, қоғамға қарсы мінез құлықты және басқа да жағымсыз құбылыстарды насихаттауға бағытталған басылымдарды қабылдамайды.

Сыйға алынған кітаптар кітапхана қорын толықтыру бөлімінде келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 50, каб. 329. Анықтама телефоны: 8 (7172) 705429.

Сыйға тартушыларға басылымдардың қорға қабылданғандығы туралы «анықтама» қағаз беріледі.

Кітапхана сыйға кітап берушілердің барлығына алғыс білдіре отырып, келешекте де ынтымақтастықта жұмыс жасауды асыға күтеді!

2019-2020 ж. ҚазҰӨУ-ті кітапхансына сыйға тартушылар. (ашық)
2020-2021 ж. ҚазҰӨУ-ті кітапхансына сыйға тартушылар. (ашық)