КӨРМЕДЕ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫН ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ

16

Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі.

Қаныш Сәтбаев

12 сәуірде Қазақстанның ғылыми саласының өкілдері өздерінің кәсіби мерекесі – Қазақстанның ғылым қызметкерлері күнін атап өтуде. Бұл жас кәсіби мереке Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы №164 Жарлығымен бекітілді.

Мереке күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл күн Қазақстанда ғылыми қызметті ұйымдастырудың бастауында тұрған адамның туған күнімен байланысты. Әңгіме 1946 жылы  Қазақ КСР Ғылым Академиясын басқарған және  тұңғыш президенті – академик Қ. И. Сәтбаев туралы болып отыр. Бұл адам бүкіл өмірін ғылымға және оның туған Республикасындағы дамуына арнады. Ғалымның туған күніне орай Қазақстанда ғылым қызметкерлері күнін атап өту орайластырылды.

Бұл күні Қазақ ұлттық өнер университетінің кафедраларында ғылыми іс-шаралар өтті, сондай-ақ Ғылым күніне арналған кітапханада “Қазақ ұлттық Өнер университеті оқушыларының ғылыми-әдістемелік еңбектері” атты кітап көрмесі дайындалды. Көрме жоғары оқу орнының студенттері, магистранттары мен оқытушыларына, сондай-ақ заманауи ғылымның жетістіктеріне қызығушылық танытқан оқырмандарға арналған.

13 сәуірде Қазақ ұлттық өнер университетінің есеп беру концерті өтті, бұл концертке ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Әскербекұлы Абаев келді. Аталған іс-шараға “Ұлт өнерін ұлықтаған орда” көрмесі дайындалды, онда мамандарды даярлаудың барлық бағыттары бойынша университет ғалым-оқытушыларының ғылыми еңбектері ұсынылды. Бұл монографиялар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, ғылыми мақалалардың университетаралық жинақтары, республикалық және халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдары, магистранттар мен студенттердің оқуларының жыл сайынғы жұмыстары, Боранбаев оқуларының жинақтары және «Қазақстан. Өнер.Тұлға» ғалым-ұстаздар туралы биобиблиографиялық көрсеткіштер.

Университетіміздің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері қазақстандық ғылымның мәдениет пен өнер саласындағы дамуына зор үлес қосып жатқаны сөзсіз. Мәдениет пен өнер – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Баршамызға өнердің бағыттары мен түрлерін бағдарлауға көмектесетін ғылыми еңбектерге жүгінуіміз керек.

Көрмеде ұсынылған барлық кітаптар оқу залында және кітапхана абонементтерінде қызметкерлер, магистранттар мен студенттер үшін қолжетімді.