«ЕР ЕДІГЕ» – НОҒАЙЛЫ ДӘУІРІНІҢ ЖЫРЫ

52

«Ер Едіге» –  ноғайлы дәуірінің жыры. Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың бай мұрасы – болашақ ұрпақтың таусылмас қазынасы. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай рухани мәдениетіміздің алтын қоры «Ер Едіге» – ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбоммен толықты. Альбомды Қазақ ұлттық өнер университеті кітапханасына жоба авторы және жетекшісі, профессор Алмас Алматов тапсырды.

2020 жылы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жыршы-жырау Алмас Алматовтың жетекшілігімен «Ер Едіге» – ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарыққа шықты. Альбом-жинаққа қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Едіге батыр туралы ғылыми талдау, жырды бүгінгі күнге жеткізген жыршылар туралы түсініктеме және орындаған республиканың барлық аймағындағы жалпы саны 40-тан асатын жыршыдан 60 сағаттық жыр жазып алынған.

Жинаққа «Едіге батыр» эпосы, сондай-ақ Мұрын жырау нұсқасындағы «Қырымның қырық батыры» және «Қарасай-Қази» дастаны (Қайролла Иманғалиев нұсқасы), т.б. ел арасында кеңінен жырланып жүрген көлемді дастандар енген.

Құрметті оқырман, жаңа альбом-жинақ халқымыздың қастерлі мұрасын қадір тұтатын жас ұрпаққа, жалпы жұртшылыққа арналған.