«ӘЛІППЕ» ҚАЙТА ОРАЛДЫ

19

Қазақ ұлттық өнер университеті – Қазақстан Республикасы аумағындағы кәсіби мамандарды дайындауға бірыңғай үздіксіз кешенді білім беру жүйесіне біріктірілген жоғары оқу орны. Осы оқу орнының жаңа үлгідегі мектеп бағдарламасына «Әліппе» бес жыл үзілістен кейін қайта оралды. Оқулық Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде мемлекеттік стандартқа сай әзірленген.

Оқулық авторлары кітаптағы әріптер мен дыбыстардың берілу реті басқа екендігін, өзара тіркестермен сөз жасау ерекшелігіне қарай құрастырылғанын айтып отыр. Ата-аналар «Әліппенің» қайта оралғанына қуанып отыр. Жаңа оқулықта алдымен дыбыстар, әріптер содан кейін буындар мен сөздер оқытылады. «Әліппенің» көмегімен 1 сынып оқушылары шағын мәтіндерді оқып, түсініп, қарапайым сөздер, сөйлемдер жазуды үйренеді. Оқулықта қосымша диск және QR-код арқылы өткен сабаққа байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар мен нақыл сөздер, түрлі танымдық тақпақтарды тыңдай алады.
Оқуға талпынған және өнерге қадам басқан жас достарды кітапхана шын жүректен құттықтайды!