ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ПРОФЕССОР ОРЫНБАЙ ДҮЙСЕН 70 ЖАСҚА ТОЛДЫ

13

Қазан айында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, домбырашы-күйші, ұстаз, ғылыми және әдістемелік құралдардың авторы, профессор, Орынбай Дүйсен 70 жасқа толды.

Осы атаулы күнге Ақпараттық-кітапхана қызметі «Күй өнерінің өрісін тербеткен … » атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеде диссертация, ғылыми еңбектер, оқу-әдістемелік құралдар, музыкалық шығармалар, фотосуреттер, мерейтой иесінің жеке кітапханасынан кітаптар, мерзімді басылымдардан мақалалар кеңінен ұсынылды.

Кітапхана фойесінде ұйымдастырылған «Афишалар сыр шертеді» экспозициясымен де танысуға болады. Концерттік афишалар  үлкен қызығушылық тудырды, орындаушы мен оқырмандардың арасында  әңгіме  өтті. Сондай-ақ студенттерді автордың әдістемелік,  маңызды афоризмдер бөлімі қызықтырды.

Орынбай Дүйсеннің концерттік шығармашылығы сан қырлы, күй әуендері мен перне дыбыстары арқылы біздің мәдени құндылықтарымыз, дәстүріміз бен батырлық аңыздарымыз ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді..