Күй сүлейі, ән пірі, сазгерліктің дара туған данасы

2015 жыл мамыр айының 20-шы жұлдызында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтың иегері, композитор НұрғисаТілендиевке 90 жыл толуына орай еске алу кешіне «Күй сүлейі, ән пірі, сазгерліктің дара туған данасы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырды. Көрмеге композитордың өмір жолы, өнер жолында қалдырған асыл мұралары, шығармалары және ол туралы кітаптар мен мерзімді басылым беттеріне жарияланған мақалалар  ұсынылды. Көрме университеттің вокалдық өнер, дирижерлеу кафедрасының студенттерінің  бастамасымен  симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өткен концерт аясында жасалды. Кеште Нұрғиса атамыздың шығармалары орындалып әндері әуеле шырқалды.