«Springer Nature ресурстарын пайдалану»

2016 жылсәуір айының 22-ші жұлдызында Университет Кітапханасында профессорлар-оқытушылар құрамы мен кітапханашылардың қатысуымен Springer Nature Компаниясының «Springer Nature ресурстарын пайдалану» атты тақырыпта кезекті ақысыз семинары-оқуы өтті. Семинарда «Ғылыми жұмыстарды жариялау үшін жоғары рейтингті журналды қалай табуға болады», «Зерттеу бағыты аясында мақалаларды іріктеп және талдау жасау», «Сапалы мақаланы қалай әзірлеу», «Импакт-факторлы шетелдік журналдарада ғылыми ізденістерді қалай жариялауға болады» деген тақырыптарда треннингтер өткізіліп, Семинарды Springer Nature Компаниясының ресми менеджері Александрова Ирина өткізді. Барлық семинар қатысушылары сертификат алды.