Шабытты жастар, марапаттарыңыз құтты болсын!

Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері ХХ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде жүлделі орын алды.
«Классикалық музыка» номинациясы бойынша Скрипкадан 3-орын – Анастасия Мартынова, академиялық вокалдан Гран-при жүлдегері –Ұлпан Әубәкірова, 2-орын – Құдайберген Әбілдин, 3-орын – Әйгерім Аманжолова, арнайы сыйлық – Азат Туранель, «Альт, виолончель, контрабас»: 3-орын – Нұрисламбек Джуматов;
«Халық музыкасы» номинациясы бойынша Домбырадан Гран-при – Ұлан Бақытжанов, Домбырамен ән айту Гран-при – Асқар Мұқият;
«Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша Мүсін өнерінен 2-орын – Сырым Мүсіреп;
«Актерлік шеберлік» номинациясы бойынша 2-орын – Инабат Әбенованы марапаттарымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
Қанаттарың талмай өнер әлемінде қалықтай беріңдер!