Жаңа кітап!

Қазақ жерінде ұлттық ойындардан бастау алған қуыршақ театры мамандарын дайындауға және ізденімпаздық қасиеті бар талапкерлерге арналған Серік Мақұлбековтың «Қуыршақ және қол сымбаттылығы – қуыршақ театры актері өнерінің негіздері» атты оқу құралы кітапхана қорына келіп түсті. Оқу құралында – қуыршақ театры актерінің негізгі көркемдік аспабы – театр қуыршағы арқылы сахналық кейіпкер сомдаудың ерекше жолдары зерттеліп, дәлелдер мен жаттығулар арқылы көрсетілген. Бұл кітап ұстаздар мен шәкірттерге арналған.