Бөлім Университет кітапханасының әлемдік талаптарға сай келетін мәдениет, білім және зерттеу орталығы ретінде Университеттің дамуына және қалыптасуына үлес қосуды жүзеге асырады. Профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттерге оқу бағдарламасына орай жаңа тұрғыдағы сапалы кітапханалық қызмет көрсету жүйесін қалыптастырады.
Бөлімнің негізгі мақсаттары:
– заманауи технологияларды пайдалана отырып Университеттің ғылыми және оқу үрдісін ақпараттық қамтамасыз ету;
– университеттің профессорлар-оқытушылар құрамына, студенттер мен оқытушылардың ақпараттық қажеттіліктеріне сай кітапхана орнын сапалы түрде қалыптастыру және ұйымдастыру;
– студенттерге және оқытушыларға сапалы және жедел түрде ақпараттық қызметті ұсыну;
– халықаралық стандарттарға сай барлық кітапхананың регламенттеуші құжаттарын енгізу;
– кітапхана үрдісіне заманауи ақпараттық технологияларды енгізу;
– сыртқы және ішкі кәсіби байланыстарды дамыту;
– ақпараттық-кітапхана қызметінің жұмыс тәжірибесіне ең тиімді әдістерді, кітапхана еңбегінің тәсілдері мен түрлерін табу және енгізу.